Ұжым жетістігі

 

Халықты жұмыспен қамту орталығының негізгі мақсаты – азаматтар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру. Халықты жұмыспен қамту орталығы халыққа және жұмыс берушілерге қызмет көрсетеді. Барлық қызметтер тегін ұсынылады. Жұмыспен қамту орталықтарында арнайы дайындалған қызметкерлер жұмыс істейді және бірыңғай жұмыс стандарттары қолданылады.
Осакаров ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының 10 жылдық мерейтойына арналған іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Алма Шалабаева халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерін кәсіптік мерейтойымен құттықтап, әлеуметтік саясатты іске асыру және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлан Башаров, орталықтың мамандары Төлеген Смағұлов, Диана Мұқашева аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және кеңесшілері – Оксана Гнидина, Наталия Карпенко, Неля Ермолаева, Камия Жанзакова, Сақып Жакыпбаева, Сонгобай Асемгул, Темірбек Динара аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.
Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған