Жылы лебіз
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар!
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар! – дей келе, сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз халықаралық əйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер бір отба- сын емес, бүкіл əлемді аялы алақандарыңызбен тербете ала- тын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тəуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз. Ардақты аналарымыз, асыл жарларымыз, саф алтындай қыздарымыз бен қымбатты апа-қарындастарымыз, сіздердің дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілеймін. Əр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын! Əрқашан отбасыларыңыздың ажары, жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар! Сонымен қатар, Бүгінгі халықаралық əйелдер күні мерекесімен Осакаров ауданы жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінде еңбектеніп, осы саланың мəртебесін асқақтатып жүрген барлық əйел азаматшаларды шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге айтылатын алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын дей отыра еңбектеріңізге жеміс, сəттілік тілеймін! Сіздерге жəне отбасыларыңызға бақыт, шаттық, жүздеріңізге күлкі тілеймін! Əрдайым əдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін дегім келеді!
Қ. ЕМБЕРГЕНОВ , жүргізуші
Сіздерді 8 наурыз Халықаралық əйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тəрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Ел тарихының қай кезеңінде болсын, батыр аналарымыз асқан ерлігі мен өнегелі істерінің арқасында бір- лік, тұрақтылық, өркендеуді қалыптастыра білген. Əйелдер бүгінде барлық салада жемісті еңбек етіп жүр. Мемлекетіміз жет- кен жетістіктерге нəзік жандылардың қосқан үлесі зор. Олар темір тұлпарды тізгіндеп, билік пен бизнесте, білім мен мəдениетте ерекше қабілетімен та- нылуда. Бүгінгі мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз.
Осакаров Жол патрулдік қызметі ұжымы атынан Ж. Шашубай
Жыл сайын əлемнің бірнеше елінде наурыздың сегізінші жұлдызы Халықаралық əйелдер күні ретінде аталып өтеді.
Халықаралық əйелдер күні – ақ жаулықты апа- лар, ардақты аналар, аяулы қыздардың мерекесі. Көктемнің алғашқы шуақты мерекелерінің бірінде еркек кіндіктілер нəзік жандарға гүл сыйлап, ерекше құрметке бөлеп, жылы сөздерін арнайды. Осы мерекенің иелері, Бар адамзат. Қуанғанда қасында, Қиналғанда сүйенері. Мейірімділік пен тыныштықтың, Тума жаршылары. Адамдықтың, Мөп-мөлдір тамшылары. Құрметті қыз – келіншектер! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілейміз!
№ 17 Өрт сөндіру бөлімінің ұжымы