Жолдауды қолдау Алдағы даму стратегиямыз айқындалды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1 қыркүйек 2021 жылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің алдағы даму стратегиясын айқындап берді.
Тәуелсіздігінің 30 жылдық торқалы тойы қарсаңында жарияланған Жолдаудағы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бес бастамасы көңілге қонымды болып шықты. Алғашқы бастамасында алдағы жылдан ең төменгі жалақы мөлшері қазіргі 42500 теңгеден 60000 теңгеге дейін көтерілетіні халықтың ризашылығын иеленіп отыр.
Сонымен қатар ел Президенті тұрғындардың ең өзекті мәселесі – тұрғын үймен қамту екенін айта келе, «Баспана хит», «7-20-25» сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталатынын, нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне қолжетімді емес екеніне тоқталып, «Бір терезе қағидаты» бойынша есеп жүргізетін «Отбасы банк» әміршісі болатын бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы кешенді жағдайда әзірленетінін жеткізді.
Жалпы алғанда, биылғы Жолдаудың әр жолы – халыққа жасалатын қамқорлық пен мақсатты бағдарламаларға толы деп айта аламыз.
Балқан Нұрқанов,
зейнеткер