«Жасыл ел» жастары акциясы

Жыл сайын «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының еңбек маусымында мектеп оқушылары, студенттер және жұмыссыз жастар күшімен орман алқаптары, су арналары, өзен жиектері тазартылып келеді.
29 маусым күні аудан еріктілері мен «Жасыл ел» ЖЕЖ-ның сарбаздары Осакаров ауданын көгалдандыру және көріктендіру мақсатында «Таза Есіл» акциясын өткізіп, Есіл өзенінің жағалауын тазалау жұмыстарын жүргізді. Белсенді жастар ерекше жігермен кіріскен акцияға араласып шашылып жатқан қоқыстарды жинады.
Осылайша аудан жастары Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсартып, жастардың бойында Отанға деген патриотизмді және туған өлкенің байлығына ұқыпты қарауды қалыптастыруға барын салып келе жатыр.
Қоршаған ортаны, ауданымызды бірге таза ұстайық!
Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған