«Жасыл ел» жасақтары

Жыл сайын «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсімі өткізіліп келеді. «Жасыл ел» – мектеп, студент және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмысқа орналастыруға, бүкіл ел бойынша орман алқаптарын құруға, сол арқылы Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсартуға, жастардың бойында Отанға деген патриотизмді және туған өлкенің байлығына ұқыпты қарауды қалыптастыруға, экологиялық жобаларды іске асыра отырып, халықтың барлық жіктерінің өкілдері үшін қызықты бос уақытты ұйымдастыруға бағытталған ұйым.

1 маусым күні Осакаров ауданында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы маусымның салтанатты ашылуы атап өтілді. Ашылу Осакаров ауданының «Жастар» балалр-жасөспірімдер орталығында болды. Бірінші еңбек маусымында Осакаров ауданы бойынша 50 адам жұмысқа орналастырылды.

«Жасыл ел» еңбек жұмысының бірінші күні Халықаралық баларды қорғау күнімен дөп түсті. Елімізде Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл жыл сайын жаздың бірінші күніне сәйке келетін балалардың ресми мерекесі.  Осыған орай Осакаров ауданының ЖРО –ғы жастарды мерекелерімен  құттықтап, жеке кәсіпкер Айболит дүкенінің иесі Арман Сакенович Байгашкаров демеушілік жасап, балмұздақтар таратылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған