«Жасыл ел» еңбек маусымын қорытындылады
Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауданымыздың «Жасыл ел» ЖЕЖ-ның сарбаздары еңбек маусымын қорытындылады. «SARYBEL ERIKTILERI» мен «Жасыл ел» ЖЕЖ-ның сарбаздары бірлесе отырып, осы еңбек маусымында Осакаров ауданын көгалдандыру және көріктендіру мақсатында «Осакаров ауданының Эко аумағы – Таза Есіл» акциясын өткізіп, Есіл өзенінің жағалауын тазалау жұмыстарына қатысты.
Белсенді жастар ерекше жігермен кіріскен акцияға араласып, шашылып жатқан қоқыстарды жинады.
- Қоршаған ортаны, ондағы жасыл желекті аялау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен оның байлықтарын сақтау және көркейту баршаның міндеті. Біз осы орайда «SARYBEL ERIKTILERI» қолдауымен Есіл өзенінің жағалауын тазалау жұмыстарына қатыстық. Волонтерлер қызметі бізді ағаш егу мен қоқысты сұрыптауға үйретті, – дейді жасылелдіктер.
«Болашақ ұрпаққа таза табиғат әлемін қалдырамыз десек, әркім өз ісіне салғырт қарамасын». Қоршаған ортаны, ауданымызды бірге таза ұстайық!
Сержан Смаханұлы