Жастарға қаржылай қолдау көрсетілді
Мемлекеттік мереке қарсаңында жастар арасындағы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында аудан әкімінің гранты табысталды.
Жылдағы дәстүр бойынша өз бизнесін ашқысы келіп, талпынған аудан жастарына жалпы сомасы 8 млн. теңге бөлінді. Жас кәсіпкерлерді қолдау үшін былтыр 5 млн. теңге болатын. 19 үміткер арнайы комиссия алдында өздерінің жобаларын қорғап, 13 үміткердің жобасы үздік деп танылды. Кәсіп қылуға ниеттенген жастар үшін бұл үлкен қолдау.
Салтанатты шарада аудан әкімі Нұркен Кобжанов жастарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
- Жастар саясатын жүзеге асырып, шағын бизнес ашам дегендерге қолдау көрсетіледі. Жыл сайын ауданда кәсіпкерлікті қолдауға қаражат бөлінуде. Жастардың болашаққа жоспар құрып, өз бизнесін дамытып жатқанын көру біз үшін қуантарлық. Ауданымыздың көркейіп, дамуына жолында жастардың рөлі әрдайым жоғары. Сіздер де бұл игі істерге үлес қосады деп сенемін. Бастамаларыңызға сәттілік тілеймін,- деді аудан басшысы.
Ең көп гранттық қаражат 1 000 000 теңгегені Жұлдыз Нұрбол және Крюковский Федор Васильевич алды. Нұрбол Жұлдыз былтыр да аудан әкімінің грантын иеленіп, шаштараз ашқан болатын. Биыл кәсібін кеңейтіп, Қарағайлы ауылында – монша ашам деп отыр. Ал Федор Васильевич Есіл ауылында токарлық өндіріс ашпақшы.
800 000 теңгеге мөлшеріндегі грант Мазикенов Данияр Елеубайұлына берілді. Данияр Осакаровка кентінде автокөлікті жуу, соның ішінде корпусты тазарту, химиялық тазарту қызметтерін көрсетуді мақсат тұтып отыр.
700 000 теңге көлемінде грантқа кент жастары Макаров Михаил Сергеевичк пен Калячкин Тимур Павлович ие болды. Михаил жоба-тротуар төсемдерін өндіру. Тротуар плиткаларын шығаратын кәсіпорынды құру идеясын ұсынса, Тимур үй құстарын өсіру және көбейту жобасын алға тартты.
Ертіс ауылында көкөніс өсіретін жылыжай ашамын деген Хасенов Мақсат Ғабдрашитұлы және Осакаровка кентінде мал шаруашылығы фермасын дамытамын деген Құрманғалиев Данияр Жанарбекұлына 600 000 теңге сертификат табысталды.
Арнайы комиссия шешімі бойынша 500 000 теңге мөлшеріндегі грантқа ұннан жасалатын өнімдерді шығаратын кондитер цехын ашу үшін Жакишева Айдана Туйяковна, Донер-кебаб жеңіл тамақтану дүңгіршегінде кәсібін дөңгелетпек үшін Давлетярова Гульзия Сабитовна, ХҚКО қызметтерін алуға көмек және компьютерлік сауаттылыққа оқытамын деп құлшынған Әлиев Асқар Алтынбекұлы, жоғары сапалы және білікті қызмет көрсету стандарттарына сәйкес келетін шаштараз қызметін көрстемін деп отырған Жетписбаева Жанагуль Сериковна лайық деп танылды.
Сонымен қатар 300 000 теңге грант автобомильдердің аккумуляторлық батареяларын жөндеу және қалпына келтіру бойынша қызмет көрсету үшін Дель Андрей Яковлевичке және жоғары сапалы және білікті қызмет көрсету стандарттарына сәйкес келетін шаштараз қызметі үшін Жуманов Бауыржан Сабырұлына берілді.
Шара соңында Грант иелері өздеріне білдірген сенім мен қолдауға алғыстарын білдірді. Болашақ кәсіпкерлер биік нәтижелерге білім игеру мен шеберлікті шыңдау, тынымсыз еңбек арқылы қол жеткізуге болатынын атап өтті.
Гүлім Сембай