Жаңа рекорд: қарағандылық ультрамарафоншы 45 сағат ішінде 320 шақырымды бағындырды

Қарағанды гарнизонының әскери полиция офицері капитан Заңғар Әлкенов Жезқазған-Жаңаарқа бағыты бойынша 320 шақырымды 44 сағат 59 минут және 13 секундта жүгіріп өтті. Жүгіру навигациялық платформаның көмегімен қадағаланды.

Заңғар ультрамарафонды 27 мамырда Жезқазғанда бастап, 29 мамыр күні туған жері Жаңаарқа ауданында жоспарланған уақыттан үш сағат бұрын аяқтады.

Қазақстанның рекордтар кітабының өкілі Бақытжан Тастулеков Заңғардың жетістіктерін растап, оған куәлік табыс етті. Оның рекорды кітапқа 2021 жылдың қараша айында енгізілетінін хабарлады.

Айта кетейік, демеушілер ультрамарафоншыға Hyundai Accent автокөлігін сыйға тартты.

– Бәрінен бұрын мені жерлестерім қалай қарсы алғаны, олардың эмоциялары қатты әсер етті. Мен үшін әр марафон – бұл мықтылығымды тексеру болып табылады. Әрине, мен мойындаймын, бұл оңай болған жоқ. Әсіресе соңғы күні, себебі аптап ыстық көтеріліп кетті. Бірақ мен мақсатыма жетіп, қашықтықты үш сағат бұрын аяқтағаныма қуаныштымын, – дейді офицер.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жоспарланған үш марафонның екіншісі. Өткен жылы ол Қарағанды – Атасу бағыты бойынша 200 шақырымды сәтті жүріп өткен болатын. 2022 жылға Қарағанды – Алматы марафоны жоспарланған. Бірақ, спортшы атап өткендей, бәрі денсаулық пен дайындыққа байланысты болады.

Ультрамарафоншының көптеген жетістіктері бар. Ол қазақ күресінен спорт шебері, дзюдодан спорт шеберіне үміткер. 2012 жылы жарақат алғаннан кейін жекпе-жек өнерін ұзақ қашықтыққа жүгірумен алмастырған

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.