Үздік тәлімгер еңбегінің марапаты

              

Қарағанды облыстық білім басқармасы мен облыстық білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Үздік тәлімгер -2021» байқауының қорытынды кезеңіне қатысқан облыстың 36 мектебі арасынан Сенокосное ауылының №29 ЖББ мектебінің аға тәлімгері Рауа Дурэмбай  «Үздік тәлімгер -2021» байқауының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Үздік ұстазды «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қоғамдық бірлестігі Қарағанды облысының «Parasat» тәлімгерлер қауымдастығының төрайымы Абдрахманова Майра Төлеубекқызы онлайн марапаттады.

Сенокосное ауылының №29 ЖББ мектебінің аға тәлімгері Рауа Дурэмбай  1975 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. 1993 жылы орта мектепті үздік аяқтап, 1998 жылы  Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды  мемлекеттік университетінен шет тілі мамандығын игеріп шығады. Сенокосное ауылында ағылшын тілі пәнінің мұғалімімен қатар аға тәлімгер міндетін атқарып келе жатыр. 22 жыл бойы ұстаздық қызметінде үнемі жетістікке жетіп келе жатқан педагог – зерттеуші 2008 жылдан бері Аға тәлімгер ретінде жас мамандарға, мектепішілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына жетекшілік етеді. Мектепте балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасай отырып, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту үшін талмай ізденіп, үнемі білімін жетілдіріп отырады. Республикалық, облыстық, аудандық сайыстарға қатысқан оқушыларының жеңісі – үздік тәлімгер еңбегінің шын марапаты.

 

Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған