Зайырлылық ұстанымы – рухани даму мен тұрақтылықтың шарты

Елімізде Тәуелсіздік алған алғашқы сәттен бастап зайырлы қоғам құру мақсатында көптеген істер атқарылды. Әсіресе этносаралық қатынастарды үйлестіруші бағытты таңдаған – Қазақстан халқы Ассамблеясы Конституциямен кепілдік берілген этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі болып қалыптасты. Конституцияның 14-бабына сәйкес, барлық діндер мен діни бірлестіктердің теңдігін, кейбір діндер мен діни бірлестіктерге басқаларына қатысты қандай да бір артықшылықтар беруге жол бермеуді көздейтін і тең талап қойылды.
Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішіндегі ең ірі жеңісіміз бен жетістіктеріміздің бірі – ол елімізде діни наным-сенім бостандығының, діни еркіндіктің толық бекуі болатын. Осылайша жас Қазақстан Республикамыздың дінаралық келісім мен үнқатысудағы құнды тәжірибесі әлем назарына ілікті. Қазіргі жаһандану заманындағы күрделі мәселеге айналған дінді дұрыс түсіне алмау жайын әлемдік деңгейде талқылау елімізде қолға алынды. Соның нәтижесінде саяси идеологиялық шеңберде құрылған экстремистік және террорлық топтардың іс әрекеттеріне тұсау қойылды.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен елордада 2003 жылдан бастап «Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің» съездері тұрақты өткізіле бастады. Осылайша Қазақ елі қазіргі таңда күллі әлемге өзінің дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың алтын ордасы екендігін көрсетіп отыр.
Зайырлылық қағидаттарына қайшы келмейтін діни ұйымдармен ынтымақтастық жасай отырып, үйлесімді өмір сүруі біздің еліміздің аумағында тұратын біртұтас халықтың рухани-адамгершілік өзегі болып табылады.
Ауданымыз «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының маңызды құндылықтарын жаңғыртып, көпэтносты рухани мұрамен кемелденген, толерантты және бірлікшіл болу қасиеттерін қалыптастырып, даму үстінде.
Мемлекетті зайырлы негізде басқарудың басты мақсаты қазақстандық қоғамды рухани дамыту арқылы барлық салаларда – ғылымда, мәдениетте, білім беруде прогресске ықпал ету болып табылады.
Ең бастысы, Зайырлылық ұстанымы – рухани даму мен тұрақтылықтың шарты болып қалыптасып, өз халқының салт – дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтайтын, деструктивті діни ағымдарға теріс көзқарасы бар, заңға бағынатын қазақстандық азаматтың бейнесін қалыптастыра алды.

Алма Шалабаева,
аудан әкімінің орынбасары

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған