Қызметімнің негізгі бағыты халықпен тығыз жұмыс істеу

 Мемлекеттік қызметшілер – мемлекеттік саясатты қалтқысыз жүзеге асыратын, мемлекет және халық тарапынан сенім білдірілген, заңмен үлкен жауапкершілік артылған тұлғалар. Николаевка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жаликенова Анар Жанатқызы өз міндетін жақсы көрсеткіштерімен толықтырып, атқарып келе жатыр. Ол ауылдағы тұрғындарға әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастырып, халықпен тығыз жұмыс істеп келеді.

  • Мемлекеттік қызметті таңдаған себебім, Отаныма, халқыма қызмет етуді жастайымнан армандаған болатынмын. Мемлекеттік қызметші жай қызметкер емес, ол – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір, оның басты ұстанымы – өз қамы емес, елдің қамы, мемлекет мүддесі, өзі қызмет атқаратын мекемесінің абыройы болуы қажет. Мемлекеттік қызметтің мәртебелі міндет екенін әр мемлекеттік қызметші біліп қойғаны абзал, – дейді Анар Жанатқызы.

Ақтөбе облысының тумасы, 1966 жылы Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ ауылында туған. 1983 жылы Шұбарши орта мектебін аяқтаған.

Білім қуып Қарағанды политехникалық колледжінде оқып, осы ауылға келін болып түскен. Алғашқы еңбек жолын 1983 – 1986 жылдары «Кеңқияқ мұнай» Кен орнында маркшейдер бөлімінде жұмысшы болып бастаған, одан кейін 1987 – 1991 жылдары «Қарағанды аяқ киім фабрикасында» тігінші болған.

Осы Николаевка ауылында 2003 жылдың 3 ақпанынан 2014 жылдың 1 қазанына дейін жетекші маман, осы уақытқа дейін ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып қызмет атқарып келеді.

Отбасында үлгілі ана қызы Назгүлден немере сүйіп отыр. Мемлекеттік қызметшінің отбасы игілігі – оның абыройын көтеріп, қызметіне деген сүйіспеншілігін арттырып, жарқын нәтижелерге ынталандырып келе жатыр.

 

Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған