Ынтымағымыз бен бірлігіміз арта берсін!

Еліміздегі ұлтаралық татулығымыздың дамуына зор үлес қосып отырған бұрын-соңды ешбір елде болмаған бірегей құрылым – Қазақстан халқы Ассамблеясы көп елге үлгі болып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында ҚХА төрағалық қызметін салтанатты түрде тапсыруы елдегі ынтымақ пен тұрақтылықты жалғастырушы берекелі бастау болмақ. 

Осылайша, Елбасының ұлтаралық тұрақтылық жөніндегі саясаты өз нәтижесін беріп қана қоймай, ауданымыз бүгінде барлық сала бойынша облыс көлемінде алдыңғы қатардан көрінуде. Бұл біздің халқымыздың достығын, елдігін, ынтымағын білдіреді. Алдағы уақытта да әрбір тұрғынның еселі еңбегі экономиканы жаңғыртуды жүзеге асырудың негізі болары сөзсіз.

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ауданымызда этнос өкілдері бір кісідей жұмылып еңбек етуде. Қоғамдағы келісімді ұйыстыру, этномәдени бірлестіктердің белсенді қызметіне байланысты. Бүгінде ауданда этностық салт-дәстүрлер сақталған. Этносарлық қатынасты нығайту мақсатында құрылған 6 этномәдени бірлестіктер жұмыс атқарады.

Бірлік мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі арта берсін!

«Ақ жол» қазақ ұлттық мәдениетін жандандыру орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған