Қуаныш пен қиындықта елімен бірге
Бүгінгі əлемде болып жатқан қиын-қыстау дүрбелең кезеңді Қазақ елі де бастан өткізуде. Осындай қас-қағым сəтте тəуелсіз елімізді 30 жыл басқарған Көшбасшымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев бей-жай қалмай, мемлекетіміздің келер болашағы үшін «Бірлесе білген ел бəрін жеңеді» атты мақаласын жариялап отыр. Елі үшін туған Елбасының жүрегінде үнемі халқы тұратындығын, қуаныш пен қиындықта елімен бірге екендігін байқадық. Бұл да бір сынақ шығар. Халқымыз небір сұрапыл кезеңді бастан өткеріп, жеңіп шыққан. Барлығына сабырлықпен қарай білуіміз керек.
Дерттің бетін қайтару үшін жедел əрі батыл шаралар қабылданып жатыр. Ендеше, əрқайсымыз соған түсіністікпен қарайық. Шыдамды болып, төзімділік танытайық. Аса қажеттілік туындамаса бәріміз өз отбасымызда болып, елдің басына түскен қиындықты бірге еңсеру үшін ұрпағымызды тəртіпке баулып, бірлікке үгіттейік.
А. Жакаева,
Осакаровка кентінің тұрғыны