ТЖ департаменті бейнероликтер байқауын өткізеді

Қарағанды облысының ТЖ жөніндегі департаменті 15-30 сәуір аралығында балалар мен олардың ата-аналарына арналған «тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары» тақырыбында бейнероликтер байқауын өткізеді.

Шарттары:
Бейне ұзақтығы бір минуттан аспауы тиіс. Роликтің тиісті дыбыстық сүйемелдеуі болуы қажет.
Профилактикалық сипаттағы мәтінді орналастыру, сондай-ақ реквизитті пайдалану құпталады.
Түсірілім смартфон камерасына көлденең түрде жүргізілуі тиіс, мобильдік қосымшаларды қолдануға рұқсат етіледі.
Instagram-да бейнені орналастыру кезінде #житьбезпожара хештегін қою керек.

Жіберілген жұмыстар байқауға қатысуға келесі себептер бойынша өтпей қалуы мүмкін:
– роликтер байқау тақырыбы мен талаптарына сай келмесе;
– бұрын жасалған (оның ішінде интернеттен көшірілген) болса;
– жұмыстың көркемдік немесе техникалық сапасы төмен болса.
Жеңімпаз 1 мамырда Instagram-дағы лайктер саны бойынша анықталады. Жеңімпаздардың роликтері Қарағанды облысының ТЖД және ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми парақшасында орналастырылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған