«Тіл болашағы – ел болашағы»

 Тіл ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі өткені мен бүгіні және болашағы. Тіл жанашыры, ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», -деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған.

Қазақстан Республикасының тілдер күніне орай «№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (РО)» КММ-де осы жылдың алтысы мен он бірінші қыркүйек аралығында «Тіл болашағы – ел болашағы» атты апталық өткізілді.

Апталық барысында, қыркүйектің жетісі күні «Қазақ тілді білгенің – өз еліңді сүйгенің» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара сайыс түрінде болды. Сайыста оқушылыр 3 топқа бөлініп, 4 кезең бойынша берілген ойындарға белсене қатысты. Оқушылар әр кезеңнен алған әсерлерімен бөлісті.

Қыркүйектің оны күні «Айтарым бар…» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға мектебіміздің оқу-ісі жөніндегі әдістемелік жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері, мектеп кітапханашысы, оқушылар қатысты.

Дөңгелек үстелде қарастырылған мәселелер:

  • Бүгінгі таңдағы қазақ тіл мәселесі.
  • Тәуелсіздікке 30 жыл толмақ, қазақ тілінің күйі не болмақ?
  • Ахмет Байтұрсынұлы және латын әліпбиі.
  • Қазақ тіліндегі Ахметтің рөлі қандай?

Қазақ  тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Давлетбакова Г.Б  қазақ тілі, оның ішінде қазақ жазуы жөнінде мол мағлұмат берді. Тіл саясатының кешегісі мен бүгінін саралап, тіл тағдыры – ұлт тағдыры екенін де сөз етті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп бүкіл қазақстандықтарға үндеу тастағанын да еске салды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында: «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде» дей келе, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстардың үздіксіз жалғасатынын айтқан болатын. Осы ретте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бейсекеева А.Б  қазақ тілінің туған жерінде үстемдік құруы үшін жастарды ұлтжанды болуға, барлық жерде қазақ тілінде сөйлеуге шақырды.

Өткеннен сабақ алып, болашақта қателіктерді қайталамауды баса айтты. Тіл мәртебесі турасында өз пікірлерін ортаға салды. Олар мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде салқындық танытпай, нық қадам жасау қажеттігін алға тартты.  «Тек қана қазақша сөйлеу» бастамасын бірауыздан қолдады.

Сонымен қатар, метеп кітапханашысы Маркова Л.А отырыста қарастырылған мәселелердің барлығына өз ойын білдіріп, «Отан-отбасынан басталады» – деп, тілге деген құрметін бірауыз сөзбен түйіндеді.

Қорытындылай келе, Тәуелсіздік бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Тұғыры биік Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілі мен болашағы мына  біз –  жастардың қолында.

«№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (РО)» КММ

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері:

Сынабаева Г.Ш., Бейсекеева А.Б.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған