Тарих тағылымы – рухани байлығымыз
Отаншылдыққа баулудың бірден-бір жолы – өткенін бағалау, тарихи құндылығын қастерлеу. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы Осакаров ауданының білім ошақтарында кеңінен насихатталуда.
Әр халықтың ұрпағы өзінің тарихын, адамзат дамуына қосқан технологиялық, инновациялық үлесі туралы хабардар болуы тиіс. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деген міндет қойды. Халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары балаларға дәріптелуде. Соның бірі – «Нұрай» бөбекжайы» педагогтарының ұжымы. Баға жетпес асыл қазынамызды, тарихи әрі рухани байлығымызды бүлдіршіндердің бойына сіңіріп келеді. Тәрбиешілер мектеп алды даярлық топтарымен бірге тарих түпкірінен сыр шерте отырып, Отанға деген патриоттық сезімі мен бабалардың батырлығын сахналады. «Тарих тағлымы» форумы аясында бөбекжай ұжымы Ата тарих, Алтын адам, Абылай хан бейнелерін сомдап, бесікке салу дәстүрін көрсетті.
Кез келген халықтың тарихы қасиетті құндылықтарының өміршеңдігімен бағаланады. Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу – келер ұрпақтың үлесінде.
Гүлім Сембай