Тәуелсіздік – тірегім, Соғып тұрған жүрегім…

Тәуелсіздікке қол жеткізу, тәуелсіз елде өмір сүру біздің ата-бабаларымыздың арман мұраты екені аян. Еліміздің бүгіні жарқын әрі баянды болуына қасықтай қаны қалғанша шайқасқан, етігімен қан кешкен бабаларымыздың білектің күшімен, найзаның ұшымен жеткен тәуелсіздігіміз.

Тәуелсіз ел болу үшін  – бірігіп, бір жұдырықтай жұмылып еңбек ету үлкен міндет.  Міндет пен мақсатты бірге қарастырып, осы бейбітшілік күнге жетудің бірден бір себепшісі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екені белгілі. Тәуелсіздікке қол жеткізудің өзі еліміздің тарихында қалған ерекше оқиғалармен байланысты.

Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды.

  • 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.
  • Соның нәтижесінде 1997жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық        орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі   құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.
  • Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.
  • Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі күнге дейін Қазақстан мемлекетіне сіңірген еңбегін жазып жеткізу әрине аздық етеді. Сіңірген еңбегімен бірге жазған еңбектері мен қолтаңбалары да аз емес. Әрине еңбектері мен кітаптарының басым көпшілігі туған елмен, туған жермен байланысты. Елбасы ел басқармай тұрып та көптеген еңбектердің авторы болғаны белгілі.

Н. Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:

  • «Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
  • «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
  • «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
  • «Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),
  • «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
  • «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),
  • «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
  • «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
  • «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
  • «Тарих толқынында» (А., 1997),
  • «О времени, о судьбах, о себе…» (Лондон, 1997),
  • «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),
  • «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
  • «Сындарлы он жыл» (А., 2002),
  • «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).
  • «Қазақстан жолы» (А., 2012).
  • «Тәуелсіздік белестері» (А., 2012).
  • «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» (А., 2012).

Нұрсұлтан Әбішұлының ғылыми атақтары да, дәрежелері де қажырсыз аянбай жасаған еңбегінің арқасы.

– Халық бірлігінің арқасында, Елбасының көрегендігінің арқасында біз қуатты, тәуелсіз мемлекет құрдық.

Тәуелсіздік жылдарында біз ашық нарықтық экономика құрдық. Қазақстан-инвестиция тарту, экономика көлемі бойынша Орталық Азия өңірінің абсолютті көшбасшысы. Біз континенттің шығысы мен батысын жалғайтын көлік дәлізін құра отырып, өзіміздің геосаяси әлеуетімізді іске асырдық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тәуелсіздік-халықтың қанаты.  Елдің болашағы біздің жастардың қолында.  Тәуелсіздікке қол жеткізген кез келген мемлекет болсын, ел болсын бірден дамып алмайды. Ел бірлігін нығайту, асқақтату, бізің қолымызда, әр қайсысымыз бірігіп ел үшін, жер үшін  еңбек жасасақ ертеңгі күніміз бұдан да жарық, әрі аспанымызда көк туымыз желбіреп, еліміздің Гимні шырқалып, Елтаңбамыз әрқашан биікте ілініп тұрары анық.

Гүлсім Давлетбакова, 

№ 9 гимназия мұғалімі

Осакаровка кенті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған