Тұрғындардың қатысуы жоғары деңгейде

 

2021 жылғы 25 шілдеде сегіз сайлау округі бойынша Осакаров ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижесі қорытындыланды. Аудан облыс бойынша 88 пайыз ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Каратиндік талап ережелері сақтала отырып, өткен науқандық шарада әр үміткерге берілген дауыстар өз маңыздылығын көрсетті.

Сайлау қорытындысы бойынша басым дауысты «Nur Otan» партиясы ұсынған кандидаттар алды. Ұсынылған кандидаттар арасынан Есіл ауылдық округінің әкімі болып әйел адам сайланды.

Сайлауға ең белсенді қатысқан Батпақты ауылдық округінде 1081 дауыстан 962 тұрғынның басым дауыс беруімен «Nur Otan» партиясы ұсынған кандидат Жапаров Ардақ Қажымұратұлы Батпақты ауылдық округі әкіміне сайланды.

Қаратомар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша 329 адамның 215 дауысын жинаған «Ауыл» партиясынан ұсынылған Найманбай Ержан Нұрғалиұлы Қаратомар ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Маржанкөл ауылында барлық 284 тұрғынның 256-сы Серікжан Оспанұлы Мусиповке дауыс берді.

Мирный ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 324 азамат енгізілді, олардың 300-і дауыс берді. Дауыс беру барысында 6 жарамсыз , «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған 2 бюллетень анықталды. Әр үміткерге берілген дауыстар саны: Васильева Л.В. – 6; Генинберг И. В. – 242; Кожахметов М. С – 44. Мирный ауылдық округінің әкімі болып Игорь Владимирович Генинберг сайланды.

Родников сайлау округі бойынша: сайлаушылар тізіміне 425 азамат енгізілді, олардың 385-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 15, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған-4. Әр үміткерге берілген дауыстар саны: Байбусинов Е.А. – 22; Қаспақов Д. Т. – 26; Тұңғашбай Д. – 247, Харкевич С. В. – 71. Родников ауылдық округінің әкімі болып Тұңғашбай Дәуренбек сайланды.

Сарыөзек ауылдық округінен 733 азаматтың 557-сі дауыс беру уческесіне келді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 13, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған-4. Әр үміткерге берілген дауыстар саны: Жакаева А.С. – 15; Мусалим К. – 508; Сыздықов Ш. Қ. – 17. «Nur Otan» партиясы ұсынған Сарыөзек ауылдық округінің әкімі болып Мусалим Кеншилиг сайланды.

Шідерті ауылдық округіндегі 104 тұрғынның белсенділігі нәтижесінде жарамсыз бюллетеньдер саны – 1, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қоюшы болмады. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны Молдаш Х. – 0. А.А. Шәріпов – 103; Н.Т. Шалабаева – 0; Шідерті ауылдық округі ауылының әкімі болып Аян Айтмағанбетұлы Шәріпов сайланды. Ол «Nur Otan» партиясымен ұсынылған болатын.

 

Сержан Смаханұлы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған