Судағы қауіпсіздік – басты талап

Аудан еріктілері Осакаров ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, адамдардың қауіпсіздігі үшін маңызды «Судағы қауіпсіздік өмірді құтқарады» акциясын өткізді.
Бейресми жағдайда, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары ұйымдастырған Есіл өзеніндегі су маңындағы демалыста төтенше жағдайда өмірді сақтап қалуға көмектесетін негізгі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Әңгіме барысында ең басты назар осы жағдайларға жол бермеу үшін қажетті ұсынымдары бар жадынамалар таратылды. Арнайы топ демалушыларға суға шомылу уақытында қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан Қарағанды облысы бойынша азаматтардың суға бату фактілері жиілеп кеткенін, осыған байланысты балалардың жеке қауіпсіздігіне қатаң қарау қажеттігін ескертті.
Жасақ балалары алынған ақпаратқа қызығушылықпен қарады және оны достарымен және туыстарымен бөлісуге уәде берді.

Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған