Соғыс ардагері 97 жаста

24 мамырда Ұлы Отан соғысының ардагері  Сергей Лукьянов тоқсанның жетеуіне келді.

Аудандық мәслихат хатшысы, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Украина 2-шi майданында, Украина 3-ші майданына қатысып, Отан үшін от кешкен қарт майдангерді құттықтап барды. Аудан әкімінің сәлемін жеткізген Қанат Келгенұлы қарияға зор денсаулық тілеп, сый сияпат тарту етті.

Сонау  отызыншы жылдары ата-анасымен Есіл ауылына жер аударылған Сергей Григорьевич Екінші дүниежүзілік соғысқа Тельман аудандық комиссаритынан аттанған. Жеңiстi Австрияда карсы алған жауынгер Лукьянов Бас қолбасшы маршал И. В. Сталиннен Алғыс хатпен, «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Содан кейiн Венгрияны азат етуге  қатысып, Австрия майданынан 1947 жылы елге оралды. Ауылда  МТС механизаторы, трактор бригадасынын есепшiсi, аға агроном болып еңбек еткен қария биыл 97 жасқа толған туған күнін тойлады.

Өзін құттықтап келген басшылыққа алғысын білдірген Сергей Григорьевич, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп ақ батасын берді.

Ерлігі елге мұра, ұрпаққа үлгі қарияға құрметіміз шексіз.

Гүлім Сембай

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған