Соңғы қоңырау соғылды
25 мамырда ауданның білім ордаларында cоңғы қоңырау соғылды. Бұл күн – мектеп бітіруші түлектер соңғы қоңырау үнімен тебіреніп, «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» алтын ұя – мектептерімен қимай қоштасар сәт.
Екінші жыл қатарынан пандемия мектептердегі дәстүрлі шараға өзгеріс енгізіп отыр. Биыл соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты шараға тек 9 және 11- сынып бітіруші түлектер мен олардың ата-анасының біреуі ғана қатысты. Санитарлық нормалар сәйкес – бетперде киіп, арақашықтық сақталып, мектеп ауласында өтті. Бұл жағдай мектеп түлектерінің көңіліне кірбің ұялатпады. Өйткені он бір жыл бойы білім мен тәрбие алған мектебінен үлкен өмірге қадам басты. Бұл олардың соңғы қоңырауы.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау…
P.S.
Осакаров ауданында 2020-2021 оқу жылын 4894 оқушы тәмамдаса, олардың 434-і 9-сыныптың, 294-і 11-сыныптың түлектері.
Мектеп түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты рәсімі 12 маусымға жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұландары» тақырыбындағы шараға қатысушылар контингенті шектеліп, ашық ауада өтпек.
Гүлім Сембай