Үшжақты келісімге қол қойды

2021 – 2023 жылдарға арналған Осакаров ауданының әкімі, аудандық кәсіподақтар бірлестіктері және ауданның жұмыс берушілері  арасында аудандық келісім жасалды.

Кездесуде осыған дейінгі келісімнің орындалу барысы жан-жақты талқыланды, еңбек қатынастарын реттеу, жұмыс орындарының қысқаруының алдын алу, жұмыспен қамту шаралары және жұмыскерлер алдында жалақы қарыздарын болдырмау мәселелері қаралды. Срнымен қатар әлеуметтік жауапкершілік, өзара сыйластық, сенім және мүдделердің ымыраға келу жайы айтылды. Меморандумда лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және жұмыс берушілер мен қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, еңбек ұжымдарында келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін сындарлы өзара іс-қимыл жасау.

Үшжақты келісім әлеуметтік әріптестікті нығайтуға, ең бастысы жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғауға бағытталған. Меморандум алдағы 3 жылға жоспарланды.

Құжатқа аудан әкімі Н.С. Кобжанов,  жұмыс берушілердің өкілі, «Садовое-К» ЖШС-нің  директоры  В.К. Эммерих және ауданның кәсіподақтар бірлестіктерінің өкілі, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Осакаров аудандық комитеті филиалының төрағасы Ж.Н. Шайкин қол қойды.

Гүлім Сембай

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған