Шідерті ауылдық округі әкіміне кандидаттары

Шідерті ауылдық округі әкіміне кандидат
Аян Айтмағанбетұлы Шариповтың
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Молодежный кенті әкімінің аппаратында жұмыс істеген алты жыл ішінде мен мемлекеттік қызметте одан әрі жұмыс істей алатыныма көз жеткіздім. Нақты адамдардың өмірін жақсарту және пайдалы болу-менің әкім болуға деген ниетімнің басты мақсаты.
Менің жұмысымның басты бағыты тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету болады.
Мен күш жігерімді:
– ауылішілік жолдарды жөндеуді қаржыландыру мәселесін шешуге;
– ауылға кіреберіс жолды жөндеуге ақша қаражатын бөлу мәселесін шешуге;
– округті үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету мәселесін шешуге;
– қосымша көше шамдарын орнатуға;
– жылжымалы дәріхана жұмысы арқылы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге;
– ауылдық округке халықты тарту үшін ауыл шаруашылығы саласында жаңа өндірістер ашуға.
Маған дауыс беріңіз! Дұрыс таңдау жасаңыз!

Шідерті ауылдық округі әкіміне кандидат
Насып Төкенқызы Шалабаеваның
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Әлі шешілмеген бірқатар мәселелерді соңына дейін жеткізуге деген ұмтылыс, көптеген проблемалар жергілікті жерлерде шешілуі мүмкін және солай болуы керек деген сенім мені ауылдық округ әкімдігіне өз кандидатурамды ұсынуға итермеледі. Мен тұрғындардың мәселелерін жақсы білемін және маңызды мәселелерді шешуде пайдалы бола аламын деп үміттенемін.
Менің ойымша, келесі басым мақсаттарды анықтау қажет:
– әлеуметтік-экономикалық даму;
– құқықтық тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;
– кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
– жаңа жұмыс орындарын құру негізінде халықты жұмыспен қамту.
Жерді абаттандыру, сауықтыру, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау тұрғысынан көп нәрсе істеу керек.
Біз бәріміз жақсы өмір сүргіміз келеді, кәсіби және жеке мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндігі бар лайықты және сенімді адам ретінде өзімізді сезінгіміз келеді. Менің қызметімнің басымдығы – ауылдық округтегі халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту.

Шідерті ауылдық округі әкіміне кандидат
Молдаш Хавдрасалдың
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Өз кандидатурамды ұсына отырып, мен жауапкершіліктің барлық дәрежесін толық түсінемін және ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысуға, атап айтқанда:
– пайдаланылмайтын жер учаскелерін айналымға тарту;
– ауылдық округтің қалыпты өмір сүру жағдайын жасау;
– қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың қаупсіздігін қорғау, денсаулықты сақтау, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
– интернет байланысын жақсарту
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет. Әрбір азамат өз құқықтарын қорғай алуы үшін ауыл халқына құқықтық білім беру бағдарламасын ұйымдастыру бойынша волонтерлік қозғалыстар жүргізу қажет.
Ауылдық округтегі әлеуметтік және экономикалық өзгерістер саласында шешімдер қабылдау үдерістеріне сауатты ықпал ете алатыныма сенемін.
Егер мені сайлауда қолдасаңыздар, жоғарыда айтылғандардан басқа да көптеген жоспарларым бар.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен жарияланған

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған