Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңіне шолу
«Егеменді еліміздің ертеңі – білімді ұрпақ қолында»,- дегендей Қазақстанның жастарының бірі ретінде келешек ұрпаққа артар жүгіміз көп дер едім. Біздің қазақ жаушылар мен ақындардың жастар туралы жазғандар көп.
Осы жастар туралы жазғандардың бірі Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» деген өлеңіне тоқталатын болсам, сол кездегі халықтың кейбір надандығы – өнер, ғылым, білім іздемей, мал іздеуі, мақтан табуы еді. Сол кездегі қазақ күйіне налып, бар жақсыны келешек жастардан күтті.
Қазіргі таңда да бар жақсыны келешектен яғни жастардан күтуде. Менің де ойыма неге Шәкәрім «Жастарға» өлеңінде жастарды Абай арқылы түзеткісі келеді? Менің ойымша, қазақтың дара ақыны Абайды үлгі етіп көрсеткен себебі, ол – өз ортасында білімді, ойшыл ақын, парасатты әрі адал жан еді.
Осы 1879 жылы жазылған, толқынысты сәтте туған өлеңнің идеясы жағынан – өзіне үлгі еткен ағасы жастарды адалдықты сүюге, арамдық құлықтан қашуға, адам болуға, азамат болуға, үлкеннің ақылын тыңдауға шақырды. Тәрбиелік мәніне келетін болсақ, зұлымдықтан, жамандықтан, әділетсіздік пен қиянат жасаудан аулақ болуға шақырды.
Абайдың даналық тұлғасын жан – жақты ашып жастарға үлгі ретінде көрсете отырып, болашаққа жол сілтеуші ретінде, кемеңгер даналығына бас ие отырып, өнеге ала отырып ғибрат тұтуға бүкіл қазақ жастарын шақырады, үндеу жасайды. Ақын жастардың сана сарайын ашудың жолдарын іздестіреді.
Қорыта келе, ақын жастарға тек білім мен ғылым арқылы ғана адам өркендей алатынын ұғындырғысы келе, надан болып, түбі жоқ тереңдікте қалғанның артында ешнәрсе қалдыра алмайтынын айтып кетті.
Қазіргі жастар үшін үлкен үміт сыйлайтын, жас қанатты қанаттандыратын мүмкіндіктер көп, сондықтан барлық жастарды білімге шақырамын.
Келешек жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Торжанова Айгуль Дайыровна