Сарыөзек ауылдық округі әкіміне кандидаттары
Сарыөзек ауылдық округі әкіміне кандидат
Мусалим Кеншілігтің
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мені ауылдық округ әкіміне таңдасаңыз және алдағы 4 жылда мен:
-жолдарды жөндеуді қаржыландыру мәселесін шешу;
– ауылдық округте тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонға рұқсат алуға;
– интернет байланысын жақсартуға;
– қосымша топ құру жолымен мектеп жасына дейінгі балаларды қамтуды ұлғайту үшін қолданыстағы бөбекжай-бақшаға арналған алаңды кеңейтуге;
– ауылдық кітапхана мен ауылдық клубтың материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
– қосымша жарық нүктелерін орнатуды қаржыландыруға;
– ауылдық округті санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізуді қамтамасыз етуге;
– спортпен айналысатын ауыл жастарының санын көбейтуге;
– жеке ісін ашу үшін азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқытуға тартуға;
-шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту, жайылымдық жерлерді кеңейтуге күш саламын.
«Көп сөзден- нақты іске» көшейік. Маған дауыс беріңіздер, біз бірге өмірімізді жақсартамыз!
Сарыөзек ауылдық округі әкіміне кандидат
Шыңғыс Қанышұлы Сыздықовтың
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Ауылдық округ әкімі лауазымына үміткер ретінде барлық жауапкершілікті толық сезінемін.
Менің бағдарламамның мақсаты:
–ауыл тұрғындарының мүдделерін қорғау және қоғамның асыраушысы-шаруаға деген құрметті қайтару;
-бүгінде ауылда тұрып;
-еңбек етіп жүргендердің барлығының диқаншы және малшы еңбегінің беделін қалпына келтіру;
– өз округі ауылдарын тазалық пен тәртіпке келтіруге, стихиялық қоқыс тастайтын жерлерді шығаруға,
– көшелер мен аумақтарды көгалдандыруға ықпал ету;
– жастардың бос уақытын ұйымдастыруға көп көңіл бөліп, олардың салауатты өмір салтына көңіл бөлу қажет ,
-қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға тарту қажет.
– интернет байланысын жақсартуға ықпал ету
Сайлаушыларды сайлауға қатысуға шақырамын. Сіздердің ынтымақтасты және қолдауларыңызға үміт артамын.
Сарыөзек ауылдық округі әкіміне кандидат
Айнагүл Серікпекқызы Жақаеваның
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Ауыл әкімі адал болып, жоғары моральдық деңгейге ие болуы керек.
Сайланған жағдайда мен әкім ниетінде өз тәжірибем мен білімімді мынадай мәселелерді шешуге жұмсаймын:
– ауылдық жерлердегі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау проблемаларын зерделеуге;
– халық арасында, әсіресе өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
– интернет байланысын жақсартуға ықпал ету;
– науқастарды барынша азайтуға қол жеткізу, сондай-ақ салауатты өмір салтын ынталандыру, ауыл тұрғындарының санитариясы мен гигиенасын жақсарту;
– әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсарту. Ана мен баланың денсаулығын сақтау басты назарда болуы керек.
Жоғарыда – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын қолдауға болатын мәселелердің бір бөлігі ғана.
Ауыл – Менің отбасым, үйім, Отаным.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен жарияланған