Сәуір айында Қарағанды облысына коронавирусқа қарсы вакцинаның 160 мыңнан астам дозасы түседі

Қарағанды облысында жаппай вакциянациядан өту науқаны қарқын алуда. Сәуір айының соңына дейін аймаққа «Спутник-V» вакцинасының шамамен 160 мың дозасы түседі. Бұл туралы Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Кең ауқымды вакцинация 10 сәуірден басталды, ол кезде облысқа 23 мың доза вакцина түскен болатын. Жақын арада 56 мың доза жеткізіледі деп күтілуде. Сәуір айының соңына дейін тағы 87 мың адамды қамту жоспарланған.

Бүгінгі таңда вакцинаның бірінші компонентін 20 мыңнан астам қарағандылық алды. «Спутник-V» екінші дозасы облыстың 8 мыңнан астам тұрғынына егілді.

– Ресейлік вакцина жеткізілімінің артуына байланысты енді тұрғындар жаппай COVID-19-ға қарсы екпе ала алады, – деп атап өтті Гамаль Тоқсамбаев. – Екпе алу үшін E-gov, «Дамумед» арқылы немесе емханаға жүгіну арқылы жазылуға болады. Коронавирустық инфекциямен күрестегі жетістік біздің саналылығымызға байланысты. Мен тағы да еске салғым келеді: вакцинацияланған адам вирустың таралу көзі бола алмайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған