Родников ауылдық округі әкіміне кандидаттары
Родников ауылдық округі әкіміне кандидат
Тұңғашбай Дәуренбектің
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен ауылдық округ әкімі ретінде және алдағы 4 жылда жұмысымның басты бағыты тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың осал топтарына әлеуметтік көмек көрсететін боламын.
Мен:
– ауылішілік жолдарды жөндеуді қаржыландыру мәселесін шешуге;
– Родниковское ауылының орта мектебіне спортзал салу мәселесін шешуге;
– қосымша көше шамдарын орнатуға;
– ауылдық округте тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонға рұқсат алуға;
– округте тұрақты энергия беру бойынша жұмысты ұйымдастыруға;
– сумен жабдықтауға тұрақты тарифті бекітуге;
– техникалық және ауыз суды үздіксіз беру жұмыстарын ұйымдастыруға;
– жылжымалы дәріхана жұмысы арқылы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге;
– ауылдық округті санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру бойынша сапалы жұмыстар жүргізуге;
Дұрыс таңдау жасаңыздар!
Родников ауылдық округі әкіміне кандидат
Светлана Викторовна Харкевичтің
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен өзімнің білімім, нанымым, өмірлік тәжірибем және азаматтық ұстанымым арқылы ауыл тұрғындарының проблемаларын шешу үшін барлығын жасауға дайынмын.
Мен өз бағдарламамның негізгі мақсаттарын анықтадым:
– ауылдағы шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау;
– табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, жер бетінде шаруашылық жүргізудің озық әдістерін және «жасыл» технологияларды енгізу;
– халықты үздіксіз сумен қамтамасыз ету;
– ауылда спорттық базаны қалыптастыру және спортты дамыту;
– жаңа жұмыс орындарын құрумен шағын және орта бизнесті дамыту.
– жаңа жұмыс орындарын құрумен шағын және орта бизнесті дамытуға күш саламын.
– жастарды сапалы Практикалық оқыту және жұмыспен қамту, олардың шығармашылық қабылетпен өзін-өзі көрсете алуы және әлеуетін дамыту арқылы ауылда барлық жағдайды жасайтын боламын.
Родников ауылдық округі әкіміне кандидат
Думан Толегенович Каспаковтың
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамның негізгі міндеті ретінде ауыл тұрғындарының әлеуметтік өмірін жақсарту мен әл-ауқатын арттыру мәселелерін шешу деп санаймын. Барлық мәселелерді, қиындықтарды, проблемаларды жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп шешетін боламын.
Ауылда тұратын адам ретінде мен сайлау округі тұрғындарының мәселелерін, олардың ұмтылыстары мен мүдделерін ғана емес, мүмкіндіктерін де жақсы білемін.
Мен сайланған жағдайда барлық қызметімді және маған заңмен берілген өкілеттіктерімді сайлаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағыттаймын. Сол үшін:
– адамдарды жұмысқа орналастыру мен жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін шағын және орта бизнестің дамуына барынша ықпал етіп, қолдау көрсетемін;
– халықты сумен жабдықтау мәселесін шешуге бар күш-жігерімді саламын;
– азаматтардың жеке өтініштеріне мұқият қарап, олардың проблемаларын шешуге ықпал етемін.
Сайлаушыларымның сенімін ақтауға бар күшімді саламын.
Родников ауылдық округі әкіміне кандидат
Есентай Айдарұлы Байбусиновтың
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Әкім ретінде мен келесі жұмыстарды қолға алмақпын:
– Родников ауылдық округында бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды ашамын. Бүгінгі таңда дәріханалар, шаштараздар жетіспейді, сондай-ақ жылыжай мен көкөніс қоймаларын ашу мәселесін қарастырамын;
– округтегі барлық ішкі, кіреберіс жолдың жөнделуіне ұйымдастыру жылпы алғанда 30 шақырымнан астам асфальт төсеу;
– энергияны үнемдейтін жарықтандыру құрылғыларын ауыстыра отырып, электр энергиясын үздіксіз беру электр қуатының шығындарын азайту;
– бау-бақшаларды суару және басқа да тұрмыс қажеттіліктері үшін техникалық сумен қамтамасыз ету, құбырлар мен сорғы станцияларын күрделі жөндеуден өткізу проблемаларын қоса алғанда, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысын жандандырамын, себебі бұл проблема өте өзекті;
– интернет пен мобильді байланыс сапасын жақсарту мәселесімен айналысамын.
Менің сайлауалды бағдарламамды қолдаңыздар.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен жарияланған