Құрметті Осакаров ауданының тұрғындары!
30 тамызда біз еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өтеміз. Сіздерді осы күнмен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заңымыз-бұл елдегі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің кепілі, мемлекетіміздің демократиялық дамуының мызғымас іргетасы! Оның арқасында біз тұрақтылық, келісім және игілік жолында нық қадам басамыз. Қазақстан Конституциясы әлемдік озық тәжірибені, сондай-ақ тарихи және ұлттық дәстүрлерді бойына сіңіріп, халық бірлігінің және мемлекетіміздің тәуелсіздігінің берік іргетасы болып табылады. Жасампаздық пен ілгерілеудің берік кепілі болып табылады. Біртұтас құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жүйені қалыптастыра отырып, Қазақстан жан-жақты жаңғыртуға бағыт алды. Біздің мақсатымыз-сапалы экономикалық өсу, халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету, оның өмір сүру деңгейін арттыру, сондай-ақ мемлекеттің саяси жүйесін жетілдіру. Конституция алдағы уақытта да біздің азаматтарымыздың мүдделеріне қызмет етіп, Қазақстан республикасының одан әрі дамуына ықпал ететін болады.
Құрметті жерлестер!
Осы айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еліміздің болашағы үшін игі істеріңізге табыс тілейміз!
Нұркен Кобжанов, Қанат Саққұлақов,
Осакаров ауданының әкімі аудандық мәслихат хатшысы