Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, жауынгер-интернационалистер!
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, жауынгер-интернационалистер! Құрметті Осакаров ауданының тұрғындары!
Сіздерді бүкілхалықтық, ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүрекпен құттықтаймыз !
ХХ ғасырдың басты оқиғасы – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 76 жыл толып отыр. 1945 жылдың 9 мамырынан әлі де терең толқулармен, қуаныш пен қайғыны бөлісіп, бақыт сезімімен осы күнді көбірек қарсы аламыз. Бейбіт өмір үшін майдан мен тылда қажырлы еңбектің, қайсарлықтың тамаша үлгісін қалыптастырған қарапайым жауынгер ерлігі, ауыл шаруасының, өндіріс еңбеккерлерінің жан қиярлық еңбегі жас ұрпаққа үлгі.
Соғыс жорықтарымен жалғасқан 1418 күн мен түннің әрбір сәті, әрбір оқиғалары – тарихи сәттері – халқымыздың даңқы мен мақтанышының, ұмытылмайтын батылдық пен табандылықтың ерлік сабағы болып әрқашан есімізде сақталады.
Барлығыңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір, болашаққа деген зор сенім, шын көңілден шексіз ризашылығымызды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Ел игілігі жолында жаңа табыстарға жетіп, Тәуелсіз елімізді көркейтуге қосар еңбегіміз жалғаса берсін!
Нұркен Кобжанов,
Осакаров ауданының әкімі
Қанат Саққұлақов,
аудандық мәслихаттың хатшысы