Құрметті кен өндіру саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Шахтер күні – батылдық пен ар-намысты білдіретін мереке. Себебі кеншілер жер астында жанқиярлық еңбек етіп, тер төгіп жүр. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз – ел экономикасының табысты дамуының кепілі.  Ауданымыз кеншілер еңбегі арқасында өркендеп келеді.

Шахтер – бұл қарапайым мамандық емес. Әрқайсыңыздың жер астындағы ауыр және қауіпті қызметтеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Өз жұмыстарыңызды адал орындағаныңыз үшін рахмет. Кеншілер-біздің ауданның мақтанышы. Сіз экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге үлкен үлес қосасыз. Технологияның қазіргі заманғы жетістіктерін, ғылыми білімді және шаруашылық жүргізудің тиімді әдістерін енгізу тау-кен өндіру саласын тұрақты дамытудың кепілі болып табылады. Ауданда шахтерлердің еңбек жағдайларын жақсарту және жаңғырту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, алдарыңызға қойған барлық міндеттердің сәтті орындалуын тілейміз.

Нұркен Кобжанов,                                                                             Қанат Саққұлақов,

Осакаров ауданының әкімі                                                            аудандық мәслихат хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған