Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні – достық, бірлік және келісім мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан халқы үшін бұл ерекше мереке. Біз көпұлтты елде тұрамыз. Барлық ұлт өкілдері арасындағы бірлік пен өзара түсіністік, этносаралық және ұлтаралық келісім Тәуелсіз республикамыздың басты игілігі болып табылады. Биыл біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Бұл даңқты күнді саяси және экономикалық тұрақтылық жағдайында, бірлік пен өзара сенім атмосферасында қарсы аламыз. Біз осындай қысқа тарихи мерзімде дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізе алған елімізді мақтан тұтамыз. Мемлекетіміздің басты басымдықтары халықтың әл-ауқаты, бейбітшілік пен бірлікті сақтау болып табылады. Бұл тек қазақстандықтар үшін ғана емес, бүкіл әлем азаматтары үшін қиын уақытта ертеңгі күнге деген күш пен сенімділік береді.

Ауданымыз этностық салт-дәстүрлерге, толеранттылығы мен ұйымшылдығына, терең құрмет көрсетуімен ерекшеленді. Біздің күшіміз бірлікте, ауданның гүлденуі мен әл-ауқатының негізі – Бірлік күні – біздің ортақ мерекеміз. Өзара түсіністік пен достығымыз одан әрі нығайтып, әр отбасына сәттілік пен өркендеу, қуаныш пен бақыт әкелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен оптимизм және амандық тілейміз!

Нұркен Кобжанов,

Осакаров ауданының әкімі

Қанат Саққұлақов,

аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған