ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Жулиннің жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Жулин арнайы жұмыс сапарымен ауданымызда екі күн болды. Алғашқы күні ол Молодежный кентінде «Nur Otan»партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы аясында іске асырылып жатқан шараларымен танысты. Молодежный кентіндегі спорт кешенінде, Қарағанды облысы Білім басқармасы Осакаров ауданының білім бөлімінің №№ 23, 26 Тірек мектебі (ресурс орталықтарында) болып, оқу ошақтарының жай күйімен танысты және кентішілік жолдарды жөндеу барысын бақылады. Осакаров ауданына жұмыс сапары келесі күні Осакаровка кентінде жалғасты.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Жулин Партияның сайлауалды «Ауыл ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының іске асыру барысы бойынша Қарағанды облысы Білім басқармасы Осакаров ауданының білім бөлімінің «Жастар «балалар-жасөспірімдер орталығы» КМҚК мекемесінің жанынан ашылған Техно орталықтың жұмысымен танысты.
– Мұнда балалардың зияткерлік және шығармашылық дамуы үшін барлық жағдай жасалған, – деді орталықтың директоры Нұрсолтан Ғалия.
Қарағанды облысы Білім басқармасы Осакаров ауданының білім бөлімінің басшысы Айнагүл Ақмағамбетова халық қалаулысын осы ғимараттағы «Балалар өнер мектебі» КМҚК жұмысы жайлы баяндай кетті.
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» КМҚК Директоры Асемгүл Ақылбекованың көп этносты ауданда халық рухының алтын діңгегі саналатын, асыл мұрамыз – домбыра, баян, күйсандық өнер сыныптарына арналған кабинеттерін аралап көрді.
Қарағанды облысы Білім басқармасы Осакаров ауданының білім бөлімінің «№12 Тірек мектебі (ресурс орталығы)» КММ директоры Ирина Бикейкина мектеп жұмысымен таныстыру барысында Еңбек бағдарламасына қатысушылармен кездестірді. Жас мамандар жұмысқа орналасуы барысында «Дипломмен ауылға» жеңілдігімен тұрғын үймен қамтылған. Қарағанды облысы Білім басқармасы Осакаров ауданының білім бөлімінің» Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ директоры Зура Өскееваның еңбек тәжірибелерімен танысқан халық қалаулысы Психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінің мінез құлқында, қарым-қатынаста, оқуда, сөйлеу, есту, көру, тірек-қимыл аппаратында ауытқушылықтары бар балалар мен жасөспірімдерге жүйелі психологиялық – педагогикалық қолдау көрсетіп келе жатқан мамандарға алғысын білдірді.
Сондай-ақ, аудан мектептерінің директорларымен кездесіп, қауіпсіздік, цифрландыру мәселелерін және Мәжіліс деңгейінде ғана шешілуі мүмкін аудан педагогтарының мәселелерін талқылады.
Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Айгүл Төлеуова мен Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлан Башаров азаматтар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлері мен және жұмыссыздықтан тұрғындарды әлеуметтік қорғау шараларымен таныстырды. Осакаровка кентіндегі «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында бизнес бастаудың алғашқы қадамдарына оқып, сертификат алған жеке кәсіпкер Қайрат Аманбековтың дүкеніне барды.
«Nur Otan»партиясының аудандық филиалы ғимаратында азаматтардың жеке сауалдары бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Викторович Жулиннің ауданымызға арнайы жұмыс сапары барысында аудандық мәслихаттың хатшысы Қанат Саққұлақов, «Nur Otan»партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Динара Бекова, Молодежный кентінің әкімі Бейімбет Бейсенбеков, Осакаровка кентінің әкімі Серік Акижанов бірге болды.
Сержан Смаханұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған