Осакаров ауданының ОАА КМК-да дәрілік препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, жеке қорғану құралдары, дезинфекцияға арналған құралдар жеткілікті мөлшерде
2020 жылдың 30 наурызында Осакаров ауданының аумағында коронавирустық инфекция тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта үй карантинінде 7 адам бар.
16.03.2020 жылы барлық емдеу мекемелерінде карантин енгізілді. Сүзгіштер мен оқшаулағыштар жұмысы ұйымдастырылды.
ЕПМ кіре берістерінде пациенттердің қолын дезинфектанттармен өңдеу бойынша посттар қойылған. Күн сайын емханада КВИ, ЖРВИ және тұмаудың алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетіледі, вирусты инфекциялардың алдын алу, Жөтел этикеті және ЖРВИ және тұмау белгілері кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері, сондай-ақ КВИ алдын алу бойынша пациенттерге көрнекі ақпарат беріледі. Сондай-ақ ақпарат Молодежный кентінде кабельді теледидарының жүгіртпе жолында беріледі.
Осакаров ауданының ОАА КМК-да дәрілік препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, жеке қорғану құралдары, дезинфекцияға арналған құралдар жеткілікті мөлшерде бар.
53 дәрігер, 215 – орта медицина қызметкері, 101 – кіші медицина қызметкері, 60 – басқа қызметкерлер оқытылды.
Ауданда тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың барлығы 96 төсек және күндізгі стационардың 49 төсек орны бар.
Осакаровка кентінің ОАА стационары 52 төсекке, Молодежный кентінің СБ 46 төсекке. Осакаровка кентінің ОАА күндізгі стационары 24 төсек, Молодежный кентінің СБ 25 төсек.
Қосымша 30 карантиндік төсек орын ашылды.
Әлеуметтік дәріханада құны 20400 теңге тұратын 6 литр көлемінде тері антисептикасы бар. Сондай-ақ, резервтен бетперде тігу үшін 4000 метр марлі алынды.
Ауданда жағдай тұрақты, бақылауда тұр.
Травнева Ольга Николаевна,
Осакаров ауданы ОАА КМК директоры