Осакаров ауданында 120 бейнебақылау камерасы орнатылды
Биыл Осакаровка кентінде 108 бейнебақылау камерасы орнатылды. Олар адамдар көп жиналатын жерлерде, алаңдарда, базарларда, вокзалдарда, қиылыстарда және көшелерде пайда болды.
Бейнебақылау камераларын «Перспектива» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша орнатты. Олардан ақпарат тәулік бойы бақылау жүргізетін полиция қызметкерлеріне түседі. Заманауи бейнекамералар қылмысты азайтуға және полиция қызметкерлеріне құқық бұзушылықты анықтауға көмектеседі.
– Полицияның алдына Smart City технологиясын енгізу арқылы аудан тұрғындары мен қонақтарының өмірі үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау міндеті қойылды, – дейді Осакаров ауданының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Анатолий Соболевский. – Мемлекет басшысы полицияның сервистік моделінің жобасын іске асыруды тапсырды және жұмыстың сәттілігі жергілікті билік органдарына және олардың жәрдеміне байланысты екенін атап өтті. Облыс және аудан әкімдігінің қолдауымен биыл Осакаровкада 108 камера орнатылып, іске қосылды. Бұл ауданда қауіпсіздікті бақылаудың интеллектуалды жүйесін енгізуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, өткен жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Молодежный кентінде 12 бейнебақылау камерасы орнатылды. Олар оптикалық жақындаумен жабдықталған және түнде болып жатқан әрекеттерді жаза алады.
Ауылдың периметрі бойынша 5 мың метр талшықты-оптикалық кабель төселді, 12 коммутациялық шкаф орнатылды, бұл бейнебақылау камераларының санын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.