Қос мандық иесі

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл.

Тәуелсіздіктің мерей тойымен тұспа түс келіп тұрған, біздің әріптесіміз мектебіміздің мұғалімі Дюсембаев Дастан Аханұлы 1993 жылы 25 қарашада Осакаров ауданы, Маржанкөл ауылында дүниеге келген. Ауылдың мектебінде 2000-2009 жылдары оқып, 2009 жылы Саран гуманитарлы техникалық колледжін 2013 жылы аяқтап, дене тәрбиесі және спорт мамандығын иеленіп шықты. 2014 жылы  Қарағанды Мемлекеттік Университетіне түсіп, 2017 жылы Бастапқы әскери дайындық мамандығын иеленді. Дастан Аханұлы еңбек жолын Шұңқыркөл ауылының №11 орта мектебінде 2013 жылдан дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы болып бастап,   еңбек жолын жалғастыруда. Осы аралықта Дастан Аханұлы өзін жан – жақты дамытып, көптеген тәжірибелер алмасуда. Әріптесіміздің көптеген жетістіктері де бар екенін айта кеткен жөн.  2014 жылы «Жас ұстаз – 2014» байқауына қатысып, «Өнерлі ұстаз» номинациясын жеңіп, 2-ші орынға ие болған. 2018 жылы 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған ерлер арасындағы «Волейбол» жарысынынан аудандық деңгейде 1-ші орын иеленген. 2018-2019 оқу жылында жас ұрпақты тәрбиелеуде еңбек еткені үшін «Құрмет грамотасын» алған. 2020 жылы аудандық мектепішілік командалар арасында «Бес асық» ойыны бойынша 1-ші орын иеленген.

Тәуелсіздік жылдарында өсіп келе жатқан біздің ұрпақтарымыз өте бақытты.

Р. Кесикова,

 № 11 ЖББМ КММ тарих пәнінің оқытушысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған