Наурыз- қайырымдылық мерекесі
Мереке қарсаңында М. З. Нигматулина бастаған «Балқаш» мотельінің басшылығы кенттің 26 аз қамтылған отбасына азық-түлік жиынтығы түрінде қолдау көрсетті. Оларға макарон өнімдері, май, қант салынған азық-түлік пакеттері тапсырылды.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын!,- дейді халық
«Балқаш» мотелі басшылығының халықтың қорғалмаған бөлігін қолдауға бағытталған бастамасы ауданның барлық кәсіпкерлері үшін игі дәстүрге айналуы тиіс.
Бұл мереке күні Осакаров ауданының кәсіпкерлері мұқтаж жандарға риясыз көмектерін аямауда.
Наурыз әр адамға белгіленген жоспарларды табысты іске асыруға сенім сыйласын!