Мобильді топтар жұмыс жасауда
Ауданымызда мобильді топтар қарқынды жұмыс жасап жатыр, олардың құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, учаскелік полиция инспекторлары, қоғам өкілдері мен еріктілер кіреді.
Жыл басынан бері 1541 нысанды қамтыған 152 рейд жүргізілді. Санитарлық талаптарды бұзудың 56 фактісі анықталды, 2,8 млн.теңге айыппұл өндірілді.
2021 жылдың 1 мамырынан 31 мамырына дейін мониторинг 294 нысанды қамтыды, 8 санитарлық нормаларды бұзушылық анықталды. Оған маска кимеу, әлеуметтік арақашықтықты сақтамау кіріп отыр.
Адамдардың жаппай қатысуымен, оның ішінде қоғамдық тамақтану орындарында ешқандай іс-шаралар тіркелген жоқ. Рейдтердің нәтижелері әлеуметтік желілерде, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының ресми парақшаларында көрсетілген.
Халықпен әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу жалғасуда, облыстағы КВИ және ЖРВИ жағдайы туралы мақалалар аудандық «Сельский труженик» газетінде жарияланады.
Барлық бизнес нысандарымен тұрақты түрде Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларының талаптарын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Мобильді топтардың жұмысы жалғасуда.
Нұрбота Шеру