Маржанкөл ауылдық округі әкіміне кандидаттары

Маржанкөл ауылдық округі әкіміне кандидат
Серікжан Оспанұлы Мусиповтың
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мені ауылдық округ әкіміміне таңдасаңыз және алдағы 4 жылда мен өз күшімді:
– кентішілік жолдарды жөндеуді қаржыландыру мәселесін шешуге;
– Маржанкөл ауылының мәдениет үйін жөндеуге ақшалай қаражат бөлуге;
– қосымша көше шамдарын орнатуға;
– Маржанкөл ауылындағы скверді қалпына келтіру және абаттандыруға;
– Маржанкөл ауылында спорт алаңдарын орнатуға ақшалай қаражат бөлу кезінде көмек көрсетуге;
– интернет байланысының сапасын жақсарту жолдарын іздеуге;
– аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды, жетім балаларды қолдауға;
Мен:
– ауылдық округтің елді мекендерін абаттандыру және санитарлық тазалау үшін;
– ауылда кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру үшін;
Менің жұмысымның принципі: «Проблемалар туралы айтып тоқтап қалмай, оларды шешу!»

Маржанкөл ауылдық округі әкіміне кандидат
Григорий Александрович Саульянның
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Әкімдікке өз кандидатурамды ұсына отырып, мен өзіме жүктелген барлық жауапкершілікті толық сезінемін және өзімнің сайлау округім мен онда тұратын тұрғындардың проблемаларын шешуге белсене қатысуға ниетім толы. Тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, халықтың еңбекке қабілетті бөлігін жаппай жұмыспен қамту, қоғамның әлеуметтік осал топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселеріне көңіл бөлемін.
Ауылда жұмыс істейтін адам ретінде мен ауыл тұрғындарының проблемалары, мен мүдделерін ғана емес, мүмкіндіктерін де жақсы білемін.
Өз күш-жігерімді және маған заңмен берілген өкілеттіктерімді мыналарға бағыттаймын::
– ауыл аумағын қоқыстан тазарту;
– тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, ауылды абаттандыру және көгалдандыру, сондай-ақ жолдарды жөндеу.
Мен белгілеген барлық міндеттерді сіздердің қолдауларыңызбен шешетін боламын, құрметті сайлаушылар, сіздермен ынтымақта және өзара түсіністікте бірге боламын.

Маржанкөл ауылдық округі әкіміне кандидат
Мәдениет Гүлжаухардың
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамның негізгі міндеті ауыл тұрғындарының әлеуметтік өмірін жақсарту, өсуі мен әл-ауқатын арттыру мәселелерін шешу деп санаймын. Өзімді әкімдікке ұсына отырып, мен, ең алдымен:
– адамдарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту үшін мүмкіндік туғызатын шағын және орта бизнестің дамуына барынша ықпал етіп, қолдау көрсетемін;
– азаматтардың жеке өтініштеріне мұқият қарап, олардың проблемаларын шешуге ықпал етемін;
– мүгедектерге, жалғыз басты қарттарға және аз қамтылған отбасыларға нақты материалдық көмек көрсетемін.
– ауылдық округті абаттандыруға және оны көгалдандыруға ықпал етемін;
– интернет байланысын жақсартуға қол жеткіземін;
Сондай-ақ, лизинг арқылы техникалық базаны жаңартуда шаруа қожалықтарына қолдау көрсетіп, даму институттарымен жұмыс істеуде жан-жақты көмек көрсететін боламын.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен жарияланған

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған