Маңызды қадам
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы мәлімдеді. Мемлекет басшысы мұны елді демократияландырудағы және жергілікті басқару институттарын нығайтудағы маңызды қадам деп атаған болатын.
Мемлекет басшысы 2021 жылдың мамыр айының соңында сайлау заңнамасына енгізілген түзетулерге қол қойды.
25 шілде аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдері тікелей сайлау өтуде.
Бүгін Осакаров ауданында 8 ауылдық округте 14 сайлау учаскесі жұмыс жасап жатыр.
Аудан бойынша ауылдық округ әкіміне 25 кандидат тіркелді.
Орталық сайлау комиссиясы қаулысымен бекітілген нұсқаулықтарға сәйкес дауыс беруге арналған 14 учаскеде кандидаттар, комиссия құрамы туралы қажетті ақпараттық стендтер ресімделген.
Алғашқы әкімдерді сайлау үшін ауыл тұрғындары белсенді қатысуда.
Сағат 10:00 дегі мәлімет бойынша 13,32% ауыл тұрғыны дауыс берді.
Гүлім Сембай