Еріктілер тұрғындарды бетпердемен қамтамасыз етуде

Осакаровка кентінің мәдениет үйінде қорғаныс маскаларын тігуге арналған шағын шеберхана ашылды. Сонымен мәдениет қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер мен жергілікті еріктілер бірігіп, тұрғындарды қайта пайдалануға болатын маталы өнімдермен қамтамасыз етеді. Жалпы ауданда еріктілер күніне 1500 маска тігіп отыр.

Қазір барлық жерде масканың тапшылығы сезіледі. Аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер бірден қалыптасқан жағдайға назар аударып, осы қажетті бұйымды тігуге құлшыныс білдірді. Тігу үшін қажетті матаны демеушілер сатып алды.

Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Алма Шалабаева аудандық цехқа барып, еріктілердің жұмысымен танысты. Мұндай жұмыстар барлық ауылдық округтерде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

– Еліміз үшін қиын кезеңде біздің еріктілер бұл іске бір кісідей кіріскені қуантады. Бетперде қазір өте қажет. Осакаров ауданының барлық ауылдық округтерінде шеберлер бірігіп, тұрғындарға арналған мата бетперделер тігіп жатыр. Мата негізінен демеушілік көмек есебінен сатып алынады. Мысалы, 1500-ін тігу үшін 800 метр мата қолданылады. Біз аудан тұрғындарын толық қамтамасыз ету үшін бетперде санын ұлғайтамыз деп ойлаймын, – деді Алма Шалабаева.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған