Ұлт бірлігі – ұлы байлық

                                                                             

Қазақстан Республикасы сан түрлі өзге ұлт өкілдерін кең құшағына сыйдырған достықтың Отаны. Жалпы ХХ ғасырдың басынан бері қазақ жеріне Еуразияның сан алуан ұлт өкілі әртүрлі себептермен қоныс тепкенін тарихтан білеміз. Тың игеру, ҰОС кезіндегі босқындарды бөтенсінбеген, өз туысындай қабылдаған қонақжай халық. Ірі интернационалды мемлекетте  Ассамблея құру туралы алғаш 1992 жылы тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған  форумда Елбасы айтқан болатын.

Араға үш жыл салып, Қазақстан халқы ассамблеясы 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылып, Тәуелсіздіктің 30 жылында конституциялық орган мәртебесіне дейін жетті.

2007 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды.

Қазақстан мәдени мұраны алға тартып, шығармашылық әлеуетімен әлемнің дамыған 30 елінің қатарында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының талаптарымен Қазақстан – 2050 жылға дейін әлемдегі ең үздік мәдени саясатын жүзеге асырған бәсекеге қабілетті ел ретінде танылмақ.

Ауданда этностық мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудандық мәдени – сауық орталығында алты  этно – мәдени бірлестіктер қызмет атқарады.  Осакаровка кентіндегі «Ақ жол» қазақ ұлттық мәдениетін жандандыру орталығы – осы игі бастаманың темірқазығы саналады. «Рябина» орыс – украин орталығы, Осакаровка кентіндегі «Эльпида»  грек мәдени  орталығы,  Батпақ ауылынан құрылған «Верба» украин орталығы, Қарағайлы ауылындағы «Славяне» этно –  мәдени бірлестігі, «Калина красная» славян орталығы Озерное ауылында жұмыс істейді.

Алты  этно – мәдени бірлестіктер МСО, клубтық  мекемелердің қатысуымен этностық фестивальдер өткізіп, тұрғындардың мәдени шараларға деген қызығушылығын арттырып келе жатыр. Қазіргі пандемия кезеңіндегі мәдени шаралардың барлығы қашықтан ұйымдастырылып отыр.

Осакаров ауданы – тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін алтын бесікке айналды. Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, тілегі бірдің жүрегі бір» – деген қанатты сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, діні басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстар ауданымызда азаматтық, бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді сақтап, татулық пен сенімділікпен ілгері қадам басып келеді. Еліміздегі бейбітшілікті тұғырлы белестерге жетелейтін де біздің ауызбіршілігіміз болмақ.

Үш онжылдық белесте ел тағдырындағы орны ерекше қайраткерлікті елі сүйген, елін сүйген ұлы тұлға –- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасы жетістіктері мен жеңістері – өскелең  ұрпаққа нағыз елжандылық пен отансүйгіштіктің, азаматтық пен ұлылықтың үлгісі болмақ.

Елбасымыздың тереңнен толғаған, ел-жұрты қолдаған реформаларының нәтижесінде қоғамымыз түбірімен қайта түлеп, қайта жаңғырды. Тәуелсіздік жылдарында мызғымас шекарамыз халықаралық деңгейде мойындалды. Нұр – Сұлтан қаласы көкпен таласып бой көтерді. Нұрсұлтан Әбішұлы елімізде саяси тұрақтылықты сақтап, көпэтносты біріктіре алды, қарқынды әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы бар мемлекеттің ерекше моделін жасады. Елбасының салиқалы саясатының нәтижесінде біздің еліміз ұстанған айқын бағыт – өзара әріптестікке және ауқымды интеграцияға негізделген серіктестікке айналды. Татулық пен бірліктің, келісім мен түсіністіктің орнауы, халқымыздың зор жетістіктерге жетуі – Елбасының сарабдал, дана саясатының жемісі. Сол себепті де кемеңгер көшбасшымыздың қоғам өміріне арнаған ерен еңбегін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында бағалай білу баршамыздың парызымыз болмақ.

Отыз жыл уақыт ішінде Қазақстан жолы жаңа тәуелсіз елдер үшін ұлттық табыстың үлгілі моделіне айналды. Жастар еліміздің дамуына  үлес қосқан  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елі үшін жасаған өнегелі істерінен үлгі алып, мемлекетіміздің игілігі үшін шабытпен және тынбай еңбек етуі тиіс. Өйткені енді бізді қандай болашақ күтіп тұрғаны соларға ғана байланысты. Тұңғыш Президент бастамалары  біздің және Отанымыздың жетістігі.

Сержан Смаханұлы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған