Күніңді «Октябрь» супермаркетінен баста
Қарағанды облысының Осакаров кентінде ауданы 2 200 шаршы метр болатын супермаркеттің салтанатты ашылуы өтті.
— «Супермаркеттің артықшылығы – сауда алаңының айналасында қозғалудың ыңғайлылығы, жылдам қызмет көрсету, залдың эстетикалық дизайны және өнімдердің кең ассортименті. Ал өзіміздің өндіретін жартылай фабрикаттар мен нан-тоқаш өнімдерін тұтынушыларға үнемі жаңа және дәмді етіп ұсынуға мүмкіндік береді» — деп бөлісті Сергей Естифеев, «Евразия» ш/қ басшысы.
— «Октябрь» сауда үйінде супермаркет ашу ойымда бұрын пайда болған. Ол қаражат аумақты кеңейтуге, ғимарат ішін жөндеуге және жабдық сатып алуға жетуі керек еді. Ғимаратымыздың жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жабдықтар мен айналым қаражатын толықтыруға қосымша қаражатты қайндан аламыз деген сұрақ туындады» — дейді Сергей Естифеев
Банк кәсіпкерге «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламаның аясында жылдық мөлшері – 14,5 % несиені мақұлдады, ал «Даму» Қоры сыйақы мөлшерлемесі 6% дейін төмендетті, сонымен қатар жетпеген бөлігіне кепілдік берді.
– «Супермаркеттің ашылуымен жаңа жұмыс орындары ашылды. Біз үшін ең бастысы – қуанышты ауыл тұрғындары мен оның айналасындағы сатып алушылар. Аскөкті өсіріп, оны өз дүкенімізде сату үшін 500 шаршы метрлік жылыжайды қайта құру жоспарлануда» – деп бөлісті кәсіпкер.
Қарағанды облысы «Даму» КҚҚ» Аймақтық филиалының ақпараты бойынша.