Хабарлама

7 қараша күні сағат 08:24-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Абай» шахтасында кенет көмір мен газ лақтырылды. Апат кезінде шахтада 64 адам жұмыс істеп жатты, оның ішінде 8 адам кенжарда болған. Апат салдарынан екі адам зардап шегіп, алты кенші қаза тапты.
Апаттың салдарын жою жұмысы барысында кенжардың бергі жағынан сағат 09:50-де екі тірі шахтёр табылды, ал сағат 10:05-те қалған алты кеншінің денелері табылды. Шахтаның қалған қызметкерлері зардап шеккен жоқ және жер бетіне шығарылды.

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған