«Философияның қысқаша тарихы»
Философияның дамуына айрықша үлес қосқан ойшылдардың тұлғасы мен олардың шығармашылығына арналған Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» əр дəуірдегі ғылыми жаңалықтар мен тарихи оқиғаларды, əдеби жəне көркем туындыларды философия тұрғысынан талдайды.
Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» атты бұл еңбегіне философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосқан танымал 15 ойшылдың шығармашылығы топтастырылған. Автор Батыс дəстүріндегі көрнекті философтардың негізгі еңбектері мен теорияларын оқырмандарға кезең-кезеңмен таныстыруды көздейді. Кітап тарауларында философтардың өмір сүрген дəуіріне шолу жасалып, сөз болатын шығармалардың негізгі идеяларын талдауға басымдық берілген. Сондай-ақ, жинақта философтардың өмір деректері мен басты еңбектерінің тізімі, сол дəуірдегі ғылыми жаңалықтар мен тарихи оқиғалар, философиялық, əдеби жəне көркем туындылар да қамтылған. Əр шығармаға арналып оның түйінді идеясын білдіретін ықшам анықтама дайындалған. Тақырыптар хронологиялық ретпен баяндалса да, материал кез келген тараудан бастап түсініп оқи беруге лайықталып, əрқайсысы жеке бітіммен құрастырылған.