Есіл ауылдық округі әкіміне кандидаттары
Есіл ауылдық округі әкіміне кандидат
Галина Юрьевна Валдың
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен ауылдық жерлердегі халықтың өмірін жақсы біле отырып, өз кандидатурамды ұсынамын.
Мен ауыл тұрғынының алдында тұрған барлық қиындықтармен өте жақсы таныспын.
Ауылда тұрып, жұмыс істей отырып, мен келесі мәселелерді шешуді бірінші кезектегі міндет деп санаймын:
– жаңа жұмыс орындарын құру арқылы азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу;
– жастардың бос уақытына көп көңіл бөлу;
– ауыл тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен жаппай айналысатын халықтың үлесін арттыру;
– интернет пен мобильді байланым сапасын жақсарту;
– ауылдық округтің аумақтарын тазарту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.
Мен ауылдық округ әкімінің алдындағы барлық жауапкершілікті жақсы түсінемін, сондықтан мен барлық білімімді алға қойған міндеттерді шешуге жұмсайтын боламын.
Округ әкімі ретінде жұмыс істеуге дайынмын және оң нәтижеге сенемін.
Есіл ауылдық округі әкіміне кандидат
Аягөз Оразбайқызы Бутееваның
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
. Әрбір іске өз жанымның бір бөлігін және Туған елге деген сүйіспеншілігімді қосуға тырысамын.
Төмендегі жоспарларымның жүзеге асуына бар күш жігерімді саламын:
– ауылішілік жолдарын жөндеуді қаржыландыру мәселесін шешу;
– Есіл ауылының мәдениет үйін жөндеуге ақшалай қаражат бөлу;
– Колхозное ауылында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонға рұқсат алу;
– ауылдық округ аумағында шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту;
– жеке ісін ашу үшін азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқытуға тарту;
– жайылымдық жерлерге қол жеткізу мәселесін шешу;
– азаматтардың құқықтарын сақтау және ұлтаралық келісімді сақтау.
Өз үлесімді:
– жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтуға;
– балалар спортын дамытуға;
– ана мен бала проблемаларын қорғаймын және шешемін;
Біз бірге тұрақты болашақ құра аламыз!
Есіл ауылдық округі әкіміне кандидат
Арман Қобыландыұлы Бапановтың
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Өз елімнің азаматы және патриоты ретінде мен жауапкершіліктің барлық дәрежесін, ауылдың өзекті мәселелерін шешуге, атап айтқанда:
– ауылда азаматтық бейбітшілікті, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау;
– ауылды күтіп ұстау және абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
– орта және шағын бизнесті дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, қосымша жұмыс орындарын құруға және несие беруді ұлғайту арқылы халықты жұмыспен қамтуға, оның ішінде жеке тұлғаларға ықпал ету;
– салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу;
– жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;
– дене шынықтыру мен спортты дамыту салауатты өмір салтының негізі деп санаймын.
Мені ауыл әкімі етіп сайлаған жағдайда, сіздердің қолдауларыңызға үміттенемін құрметті сайлаушылар.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен жарияланған