Есеп беру-сайлау конференциясы өтті
27 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Осакаров аудандық филиалының ХХІХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Модератор «Nur Otan» партиясы Осакаров аудандық филиалының төрағасы Нұркен Кобжанов конференцияға қатысушыларды ашық дауыс беруге шақырып, комиссия мүшелері бекітілді.
Конференцияда аудандық филиал төрағасының орынбасары Динара Бекова 2019-2020 жылғы атқаралған жұмыстары туралы баяндады.
- Партия ұйымының барлық жұмысы партиялық доктринаның 4 негізгі қағидаттары бойынша құрылды: жеделдік, ашықтық, есеп беру және жауапкершілік. Партияның «Сенім. Диалог. Болашаққа деген сенім – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» партиялық жүйені қайта жүктеу бағдарламалары,- деді Д. Есмұратқызы.
«Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек»,«Халыққа көмек», «Құтты мекен», «Жастар Отанға» партиялық жобаларды жүзеге асыруда шаралар жасалуда. Мәселен, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, интеранционал жауынгерлер, партия ардагерлері, тыл еңбеккерлері қамтылды.
Саяси кеңес мүшелері мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын бөліммен бірлесіп «Алтын қалам» қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Оларға азық-түлік жиынтығы, дезинфекциялық және жуғыш заттар түрінде көмек көрсетілді. «Біз біргеміз» қорынан 800-ден астам отбасы әрқайсысы 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем алды. Халыққа көмек жобасы арқылы өмірлік қиын жағдайға тап болған 300-ден астам отбасына облыс бойынша атаулы көмек көрсетілді. «Дәрігерлерге мың алғыс!» акциясымен еріктілер короновируспен күресіп жүрген ақ халаттыларға алғыс себеттерін сыйлады.
Аудандық филиал Жастар ресурстық орталығымен, аудан мектептерімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Жастар барлық партиялық іс-шаралардың белсенді қатысушылары, партияның белсенді көмекшілері болып табылады.
Өткен жылы ел тарихында алғаш рет партияның белсенді мүшелерін анықтауға бағытталған ішкі партиялық сайлау-праймериз өткені де тілге тиек етіліп, депутаттық фракцияның бір команда ретінде үйлесімді жұмысы айтылды. Қоғамдық қабылдау бөлмесі әрбір азаматқа қолжетімді, онда келушілерге кеңес береді. Өтініштер мемлекеттік органдардың, депутаттардың, кәсіпкерлердің және меценаттар көмегімен шешімін тапқан.
Конференция барысында Осакаров аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің құрамы мен саяси кеңес бюросының мүшелері сайланды. Сонымен қатар XXXV облыстық конференцияға баратын делегаттар анықталды.
Гүлім Сембай