Еріктілер жәрдемге асығады
Жастар – қоғамның белсенді буын өкілдері болып қала бермек. Ауданымыздың «SARYBEL ERIKTILERI» ҚБ еріктілері барлық ардагерлер мен қарт адамдарды үнемі назарда ұстайды. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ардағым – ардагерім» жобасы аясында еріктілер Осакаровка кентіндегі қарттар үйіне көмек көрсетті.
«Ардағым – ардагерім» жобасының өскелең ұрпақты үлкендерді құрметтеуге үйретіп, олардың баға жетпес еңбегі мен өмірлік тәжірибесінен тәлім алуына ықпалы зор.
- Қарттар үйіндегі жәрдемге мұқтаж жандардардың көңілін тауып, барынша жәрдем көрсетуге тырыстық. Көңілі сергіген қарттардың керемет әңгімелерін тыңдай келе, қартайып, әл-қуаты кеткен ата-әжелерімізді сондай үйлерде көру жанымызға қаяу салды. Олардың да жүректерінде ауыр тас бар екені анық. Біз кішкене болса да, жүздеріне күлкі ұялатып, көңілдерін сергітуді ойладық, – дейді «SARYBEL ERIKTILERI».
Ауданымыздың жас буын өкілдерінің қайырымдылық шараларында басын қосатын акция – осылайша жастарымыздың жаңа белестерге деген ұмтылыстарымен жаңа идеялардың туындауына себепші болып келеді.
Сержан Смаханұлы