Елдің дамуына өз үлесіңді қос!: Президенттік жастар кадр резервіне құжаттар қабылдануда

Осы уақытта pkrezerv.gov.kz платформасында онлайн-режимде Президенттік жастар кадр резервіне құжаттар қабылдануда. Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі, 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.

Резервшіні бос мемлекеттік лауазымға тағайындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды.

Биылғы жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне 50 адамды іріктеу қажет.

karaganda/press/news

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған