Ел бірлігі – ең қуатты күш
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» мақаласын оқи отырып, халқымыздың ынтымағын одан әрі нығайтуға серпін беріп отырғанына көз жеткіздік.
Бүкіл әлем алаң күй кешіп, ұлт саулығы сынға түскен қазіргі сәтте де баршаны сабырға, байсалдылыққа шақырған Елбасы болашақ үшін, алда күтіп тұрған осындай алмағайып замандар сынағын еркін еңсеруге және Пандемияны ауыздықтауға «Нұр Отан» партиясы арқылы қаржы-қаражатпен, қайырымдылық шараларымен атсалып, зор жауапкершілікпен халықты демеді.
«Көп болып көтерген жүк жеңіл» дегендей, жұдырықтай жұмылсақ, біз алмайтын қамал болмас. Елбасы да бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін, қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығатынымызды айтып отыр. Осы жаһандық кеселге қарсы тұру үшін күш-жігеріміздің мықты екенін көрсетуіміз қажеттігін, татулық пен тұтастықтың арқасында кез келген қиындықтан шығуға болатынын, сондықтан, бәріміз бір адамдай жұмылып, қауіпті індетпен күресуіміз қажеттігін атап өтті. «Береке мен бірлік бәрін де жеңеді!» деп бізге жігер беріп, жүрегімізге сенім ұялатты.
Сержан Смаханұлы