«Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары
Мемлекет Басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету аясында, «Қоғамдағы еңбек адамы» мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру мақсатында, Қарағанды облысын республикалық деңгейде ұсынатын «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары келесі номинациялар бойынша анықталды:
«Үздік еңбек династиясы» номинациясы бойынша – Куринныйлар еңбек династиясы, «Казахмыс Coal» ЖШС, Осакаров ауданы.
«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша – Диль Даниель Артурович, Қарағанды қ. №6 «Костенко атындағы шахтасының» 3 деңгейлі жер асты тау-кен жұмысшысы.
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша – Сагалов Сейткали Беркенович, Балқаш қаласының «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауыты мыс электролизі цехының дайын өнімдерін тазалаушысы.